Aiman777’s Weblog

Just another WordPress.com weblog

Кептелісте 3 сағат… Маусым 2, 2008

Filed under: Кептеліс — aiman777 @ 10:12 тд
Tags:

      Алматы көшелеріндегі кептеліс ­– бүгінгі күндегі оңтүстік астананың тұрғындары үшін ең басты проблемлардың бірі. Соңғы деректерге сүйенсек, қазір Алматыда 1 млн 300 мың адам тұрады. Қала көшелерінде күн сайын 500 мыңдай автокөлік шықса , олардың саны жыл сайын 20 % -ға көбейіп келеді.  Мамандардың есептеуінше 2007 жылы  Оңтүстік астанамызда 1 күн ішінде  750 кептеліс болыпты , ал бір айда алматылық жүргізушілердің 3 сағат уақыты кептелісте өтеді.  Кептеліс көбінесе жұмыс күндерінің түскі сағат 13:00  де , кешкі сағат  алтыдан  сегізге дейін  болады. Ал кептеліс жиі болатын жерлер: Абай, Абылай хан, Достық, Райымбек даңғылдары мен Фурманов, Төле би көшелері.

 Жұмыстан соң үйіне қайтатын халық автобуста болсын, өз автокөлігінде болсын, баратын жеріне кешігіп жетеді.

Алматыда әрбір мың адамға шаққанда  170-180  автокөліктен тиеді. Салыстыра кетсек, АҚШ та бұл көрсеткіш  800ді , ал Еуропада  450-500 ді құрайды. Мамандардың болжауынша 2015 жылы Алматы автокөлік паркі екі есеге көбеюі мүмкін.

 

Пікір қалдыру